Foundation бағдарламасына ақылы негізде оқуға түсуге онлайн тіркелу 2020 жылғы 13 шілдеге дейін ұзартылды

Тіркелу үшін 2020 жылғы 13 шілдеге (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59) дейін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрып, тіркелу жарнасын төлеңіз және сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз.

Маңызды:

  • Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және SAT/ACT нәтижелерін ұсыну үшін, жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқаларын Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін жіберу қажет. Сонымен қатар, сертификаттардың сканерленген көшірмесін жеке кабинетіңізге жүктеңіз.

 

IELTS үшін код – Nazarbayev University;

TOEFL үшін код – 6762;

SAT with Essay – 7915;

ACT with Writing – 5521.

 

Сізді Foundation бағдарламасының талапкерлері қатарынан көруге асықпыз!