COVID-19 бойынша НУ қауымдастығының ынтымақтастық бастамасының жаңалықтар

Құрметті НУ қауымдастығы,

Біздің 5 маусымдағы соңғы баяндамамыздан кейін біз Қарағанды және Тараз қалаларының ауруханаларына 10 000 бет маскаларын, сондай-ақ 100 қашықтықтан өлшейтін термометрлерді сатып алуға қаражат бөлуді ұйғардық. Осы қашықтықтан өлшейтін термометрлердің бір бөлігі басқа да облыстық ауруханаларға бөлінуі мүмкін.

Қашықтықтан өлшейтін термометрлер өте қымбат болғанына және әрқайсысының құны шамамен 35 000 теңгені құрайтындығына қарамастан, біз олардың шұғыл және үнемі қажет екенін анықтадық. Алушылар – ауруханалар  мен медициналық орталықтар әлі де келіссөздер жүргізуде, бірақ біздің бағалауымыз бойынша маскалар мен қашықтықтан өлшейтін термометрлердің жалпы құны шамамен 5,8 миллион теңгені құрайды.

Сонымен қатар, өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларында алдыңғы шепте жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне тегін түскі астарды жеткізу ұйымдастырылды. Бұл түскі астар сіздердің жарналарыңыз есебінен қаржыландырылады және Kunde әлеуметтік кафесімен қамтамасыз етіледі. Тиісті медициналық анықтамаларды алуға байланысты екінші  жергілікті мейрамханамен келісім әлі жасалған жоқ.

10 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 НУ Қауымдастығының ынтымақтастық бастамасы шеңберінде медицина қызметкерлері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін шамамен 25,54 млн.теңге жиналды. Бұл KZT/USD ағымдағы айырбас бағамына негізделген біздің нысаналы сомамыздың шамамен 43%-ын құрайды.

Салынған қаражаттың жалпы сомасынан қазіргі уақытта шамамен 17,98 млн.теңге жұмсалды немесе бөлінді, игерілмеген қаражаттың қалдығы шамамен 7,56 млн. теңгені құрайды.

 Біз болашақ қаражатты қалай бөлуге болатындығы туралы НУ оқытушыларының, қызметкерлері мен студенттерінің кез-келген идеясына қолдау көрсетеміз. Мүмкін Сіз жедел көмекке мұқтаж медициналық орталықтар немесе медицина қызметкерлері туралы білетін шығарсыз. Немесе, мүмкін Сізде COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлеріне немесе қоғамға көмектесе алатын жоба туралы идеяларыңыз бар шығар. Біз Сіздің идеяңыздың қаржыландырылатынына кепілдік бере алмасақ та, біз әрбір ұсыныстың мұқият қаралатынына уәде береміз. Өзіңіздің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға жіберіңіздер: covid-19.solidarity@old.nu.edu.kz!

 

COVID-19 НУ Қауымдастығының ынтымақтастық бастамасына үлес қосқандардың барлығына үлкен рахмет. Сіз қауымдастықтың дамуына нақты және оң үлесіңізді қостыңыз!

Егер COVID-19 НУ Қауымдастығының ынтымақтастық бастамасына үлес қосуға Сіздің мүмкіндігіңіз болмаса, НУ-дың күш-жігеріне қолдау көрсету үшін қайырымдылық жасау туралы ойланыңыз.

Қазіргі уақытта Сіз жарнаны өзіңіздің жалақыңыздан шегеру арқылы немесе банктік шотыңыздан тікелей аудару арқылы жасай аласыз. Жақын арада біз COVID-19 НУ Қауымдастығының ынтымақтастық бастамасының банктік шотына қаражат аударудың жеңілдетілген рәсімін жариялаймыз!

Көмектеріңіз үшін тағы да рахмет, Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға бар жақсылықты тілейміз.

Дендеріңіз сау болсын!

Ізгі ниетпен,

«COVID-19 НУ Қауымдастығының ынтымақтастық бастамасы» Атқарушы комитеті.