Назарбаев Университетінің қабылдау емтиханы (NUET) 2022
Техникалық мәселелердің туындауына байланысты Назарбаев Университетінің (NUET) алдағы қабылдау емтиханы қағаз түрінде/қағаз тасығышта өткізілетінін хабарлаймыз.
NUET Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына және университет алдындағы дайындық бағдарлама ына (NUFYP) түсетін үміткерлер үшін 2022 жылдың ақпан айының соңы мен наурыз айының басында Қазақстан Республикасының өңірлерінде өткізілетін болады.
Емтиханның өткізілетін күндері, орны және уақыты туралы толығырақ ақпарат, сондай-ақ дайындық материалдары жақын арада қол жетімді болады. Өзекті ақпарат алу үшін біздің сайттағы жаңартуларды қадағалаңыз.