Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі күндізгі МВА және Қаржы саласындағы магистр бағдарламаларына 2022-2023 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды
NU Жоғары бизнес мектебінің күндізгі МВА бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау келесі мерзімге дейін жалғасады:
Ерте тіркелу: барлық үміткерлер үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғанда (тіркелу тегін);
Стандартты тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 31 наурызға дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге;
Кеш тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 10 мамырына дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 40 000 теңге.
NU Жоғары бизнес мектебінің Қаржы саласындағы магистр бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау келесі мерзімге дейін жалғасады:
Ерте тіркелу:
- шетелдік үміткерлер үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғанда (тіркелу тегін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 07 сәуіріне дейін қоса алғанда (тіркелу тегін).
Стандартты тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін 2022 жылдың 17 мамырына дейін қоса алғанда. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
- Тест әкімшісінен IELTS/TOEFL (Home Edition-нан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетке жүктеп салу.
- IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
- Тест әкімшісінен GRE/GMAT электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетке жүктеп салу. Дайындық жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады немесе ALEKS математикалық дағдылар сынағына тіркеле аласыз. ALEKS тестін мектеп кампуста (Нұр-Сұлтан қаласында) немесе онлайн өткізеді. Дайындық жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады. ALEKS жаттығуларының тақырыптары осы жерде берілген сілтеме.
Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.gsb@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Телефоны: +7 (747) 094 0230, + 7 (7172) 64 25 84
Электрондық поштасы: info_admissions@old.nu.edu.kz