Назарбаев Университетінің Ашық есік күні

Назарбаев Университеті туралы білгіңіз келсе, сіздерді көптен күткен - Назарбаев Университетінің Ашық есік күніне шақырамыз. Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00 мен 16.00 аралығында өтеді.

Өткен жылғыдай Назарбаев Универистеті келушілерге есігін виртуалды түрде ашатын болады. Университет студенттері, түлектері, қызметкерлері мен профессорлары сіздер үшін оқу үрдісі, студенттік өмір, қабылдау шарттары, грантқа түсу, жұмысқа орналасу, тесттерге дайындалу жəне басқа да өзекті тақырыптарға бейне жазбалар дайындады. Барлық бейне жазбалар іс-шара күні сайтқа жүктеледі. Сіздерге барлық бейне жазбаларды қарауды ұсынамыз. Егер қосымша сұрақтарыңыз туындаса, біз Zoom платформасында тікелей эфирде жауап беруге дайын боламыз. Zoom сессиялары бағдарламалар бойынша бөлінеді:

 

Уақыты

Сессия

10:00 - 12:00

Магистратура жəне докторантура бағдарламалары үміткерлеріне арналған тікелей эфирде сұрақ-жауап сессиясы

12:00 - 14:00

Университет алдындағы дайындық жəне бакалавриат бағдарламалары талапкерлеріне арналған тікелей эфирде сұрақ-жауап сессиясы

14:00 - 15:00

Студенттермен, түлектермен, Мансап жəне кəсіптік бағдар орталығы мен Cтуденттік істер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен тікелей эфирде жалпы тақырыптар бойынша өтетін панельдік сессия 

15:00 - 16:00

Шетелдік үміткерлерге арналған тікелей эфирде өтетін панельдік сессия

 

Іс -шара ағылшын, қазақ жəне орыс тілінде өтеді. Тіркелу үшін төмендегі форманы толтырыңыз.