Жыл сайынғы кəсіби бағдарлаушылар семинарына тіркелу ашық

Назарбаев Университеті кəсіби бағдарлаушыларды, мектеп мұғалімдерін және қызметкерлерін, кəсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім беру бөлімдерін, сондай-ақ білім беру орталықтарының өкілдерін жəне басқа да мүдделі тұлғаларды жыл сайынғы кəсіби бағдарлаушылар семинарына қатысуға шақырады. Семинар 2021 жылдың 26-27 қыркүйегі аралығында Zoom платформасы арқылы өтеді.

Биылғы жылы Назарбаев Университеті Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе отырып: «Жаңа болмыстағы кәсіби бағдарлаудың сын-қатерлері мен үрдістері» тақырыбында кəсіби бағдарлаушылардың VIII семинарын өткізуде. Семинар барысында жаңа ұрпақтың ерекшеліктерін түсіну, арнайы дағдыларды дамыту, түлектерді студенттік өмірге дайындау, сондай-ақ жергілікті жəне шетелдік жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

Бірінші күні мен екінші күннің бірінші жартысына қатысу ақысыз, ал екінші күннің екінші жартысында ақылы болады. Семинардың ақылы бөлігіне қатысу - 3000 теңгені құрайды. Ал Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігі мүшелеріне тегін болады. Мектеп оқушыларын кəсіби бағдарлау халықаралық бірлестігінің мүшесі болу үшін Нуртилек Аубакировке +7(707)7560600 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Семинар орыс жəне қазақ тілдерінде өтеді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады. Семинар бағдарламасы мына сілтемеде қолжетімді.

 

Тіркелу үшін төмендегі форманы толтырыңыз: