Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Жоғары білім беру мектебі және Медицина мектебі магистратура және Медицина докторы бағдарламаларына 2022-2023 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің, Жоғары білім беру мектебінің және Медицина мектебінің магистратура және Медицина докторы бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау:
Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);
ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
- Тест әкімшісінен IELTS/TOEFL (Home Edition-нан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетке жүктеп салу.
- IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, төмендегі электрондық пошталарға хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
- Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі: admissions.seds@old.nu.edu.kz
- Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі: admissions.ssh@old.nu.edu.kz
- Жоғары білім беру мектебі: admissions.gse@old.nu.edu.kz
- Медицина мектебі: admissions.nusom@old.nu.edu.kz
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Телефоны: +7 (747) 094 0230, + 7 (7172) 64 25 84
Электрондық поштасы: info_admissions@old.nu.edu.kz