NU Step to PhD: Жанат Махатаева, PhD in Robotics Engineering бағдарламасының докторанты

«NU Step to PhD» айдарының келесі қонағы – Жанат Махатаева, NU SEDS робототехника инженерия бағдарламасының PhD докторанты, Microsoft Research PhD стипендиясының иегері. Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері ретінде Жанат толықтырылған шындық (AR) және жасанды интеллект арқылы адамның жады мен қабылдауын жақсартумен айналысады.

 

Докторлық зерттеулеріңіз туралы айтып беріңізші

Мен толықтырылған шындық көзілдіріктеріне арналған көмекші қолданбаларды әзірлеп жатырмын. Жасанды интеллект пен толықтырылған шындық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адамның орнына ақпаратты танитын, есте сақтайтын және өңдейтін смарт жүйелерді құрумен айналысамын.

Бұл мүмкіндік есте сақтау, көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектеседі. ISSAI-де басқа зерттеушілермен жұмыс жасай отырып, серверлік-AR көзілдірік жүйесін әзірледік. Ол кеңейтілген шындық көзілдірігінен деректерді серверге жіберуге, деректерді өңдеуге және нәтижелерді көзілдіріктерге қайта жіберуге мүмкіндік береді.Осы функцияларды пайдалана отырып, пайдаланушыға оның орналасқан жерін және бұрын көрген нысандарын есте сақтай алатын жад көмекшісін жасадым. Жад көмекшісінің тиімділігі эксперименттік деректер негізінде расталды және мен енді зерттеу деректерін жариялау үшін дайындық жұмыстарын жүргізудемін.

 

Сіздің жұмысыңыздың қолданбалы мәні неде? 

Толықтырылған шындық пен робототехника туралы шолу мақаласында біз толықтырылған шындықтың адам мен робот әрекетінің тиімділігін қаншалықты арттыратынын, ынтымақтастықты айқынырақ, ыңғайлырақ және қауіпсіз ететінін анықтадық. Сондай-ақ, егер біз толықтырылған шындық мүмкіндіктерін жасанды интеллект мүмкіндіктерімен біріктіретін болсақ, адамдарға арналған көмекші жүйелердің жаңа түрлерін жасайтынымызды анықтадық.

Мұндай жүйелерді қолдану аясы шын мәнінде өте кең. Әлемде түстерді, бет-әлпетті, дауысты тануда қиындыітармен кезішетін адамдар көп. Осы технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз осындай мәселелерді шешудің ыңғайлы және тиімді жүйесін жасасақ, тамаша болады.

 

Диссертацияңыздағы жұмыс барысы туралы не айта аласыз?

Мен зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтының және робототехника зертханасында (ARMS) зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Тамаша топта жұмыс істеймін, олармен жолым болды. Негізі әзірлемелерді дайындағанда топ болып жұмыс істегеніміз қолпаштанады, өйткені топта жаңа идеялардың тууына жақсы атмосфера жасалынады, жұмыс қызық әрі нәтижелі болады. Сонымен қатар ғылыми жетекшім, профессор Хусейн Атакан Варолдың қолдауы мен тәлімгерлігін атап өткім келеді, біз онымен егжей-тегжейлерді талқылап, зерттеу мәселелерін шешеміз.

 

Жанат, Microsoft стипендиясына іріктеу кезеңдері туралы қысқаша айтып өтсеңіз? Қиын болды ма?

Ең бастысы, менің зерттеу жоспарымды (Research plan)  екі бетке жазуым керек болды: өзім туралы, жоспарларым туралы және бұл стипендияның зерттеу барысында қалай көмектесетіні туралы түсіндіріп жаздым. Мен үшін мотивациялық хат жазу қиын болған жоқ, өйткені стипендияға өтініш берген кезде, мен өзімнің зерттеу жұмысымда немен айналысқым келетінін, қазірдің өзінде не атқарылғанын және өзімді болашақта зерттеуші ретінде көретінімді анық білдім.

Мотивациялық хатқа қоса, түйіндеме мен үш ұсыныс хатты ұсынуым керек еді. Мен оны ғылыми жетекшімнен және робототехника кафедрасының екі профессоры Анара Сандығұлова мен Бердах Абибуллаевтан сұрадым, олардан бұрын дәріс алғанмын немесе ассистент оқытушы болып жұмыс істегенмін. 

 

Болашақ тағылымдама сіздің зерттеуіңізге қалай көмектеседі?

Толықтырылған шындықты үйренудің астапқы кезеңінде,  мен ойындар жасауға арналған Unity   сайтындағы оқу материалдары мен бейнелерді қарадым. Біздің университетте толықтырылған шындықты зерттейтін үлкен қауымдастық жоқ, сондықтан басқалар өздерінің қосымшаларын қалай дамытып жатқанын сұрай алмадым. Өзімнің білгенім бойынша дамыттым. 

Мен осы стипендияға жаңа білім, ақпарат және тәжірибе алу үшін өтініш бердім. Microsoft корпорациясындағы 12 апталық тағылымдаманы өту кезінде, Microsoft  тобының зерттеушілерімен және бүкіл әлемдегі толықтырылған шындықты оқып жатқан басқа студенттермен кездесуге мүмкіндік болалы.  Олармен өзара әрекеттесу барысында, мен жаңа даму әдістерін үйрене аламын. Мен өзімнің әлсіз жақтарымды аңғаратыныма сенімдімін, бірақ бұл да пайдасын тигізеді. Өйткені мен оларды өңдей аламын және бұл қазіргі зерттеулер мен болашақ жұмысыма оң әсерін тигізеді.

 

Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз?

Жаңа жылға дейін мен басылымды дайындаумен айналысамын, онда жад көмекшісімен эксперименттер кезінде алынған нәтижелерді ұсынамын. Мен болашақ жобаларымда да жасанды интеллект арқылы қосымша шындықты әзірлеуді жоспарлап отырмын. Бірақ келесі жобаларда ақпаратты көрнекі және есту арқылы қабылдау проблемаларын шешуге тырысамын. Өйткені көптеген адамдар түстерді, бет-әлпетті, дыбыстарды, дауыстарды ажырата алмаған кезде көптеген когнитивті проблемаларға тап болады және осылайша қоршаған әлем туралы көптеген ақпаратты жоғалтады. Мен өз зерттеулеріммен 21 ғасырда бізге қолжетімді құралдарды пайдалана отырып, осы мәселелердің шешімін табуға тырысқым келеді. Менің жұмысымның нәтижелері когнитивтік проблемалары бар адамдарға, сонымен қатар есте сақтау және Альцгеймер ауруы бар адамдарға көмектессе, тамаша болар еді.

 

Болашақ докторанттарға қандай тілек айтар едіңіз?

Докторантурада сіз жұмыс істейтін профессорды және жұмыс уақытыңыздың көп бөлігін өткізетін зертхананы таңдауыңыз керек. Бұл таңдауды жасау кезінде зертханадағы немесе ұйымдағы зерттеу ортасына назар аударыңыз: жұмыс істейтін адамдар, зерттеушілер мен студенттер арасындағы қарым-қатынас, зертхана жетекшілерінің құндылықтары және олардың зерттеу үшін жасайтын мүмкіндіктері.

Болашақ докторанттарға өздеріне ұнайтын оқу саласын тауып, докторантурада оқу барысында армандары мен мақсаттарын жүзеге асыруға тілектеспін. Мен тамаша ғылыми ортасы бар Назарбаев Университетінде оқуға, ISSAI-де жұмыс істеуге және ARMS робототехника зертханасының тамаша тобының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Назарбаев Университетінде студенттердің сүйікті ісімен айналысуына, ғылыми зерттеулер жүргізіп, әлемнің басқа зерттеушілерімен қатар ғылымды дамыту жолында жұмыс істеуге толық мүмкіндіктері бар деп ойлаймын.