Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі магистратура бағдарламаларына 2022-2023 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау:

Шетел азаматтары үшін 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);

ҚР азаматтары үшін 2021 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 18 сәуірге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
  2. Тест әкімшісінен IELTS/TOEFL электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетке жүктеп салу.
  • IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL тапсыру үшін код: 6762

Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Келесі қадамдар:

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.smg@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефоны: + 7 (7172) 64 25 84

Электрондық поштасы: info_admissions@old.nu.edu.kz