NU SSH aшық есік күндері
НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі сізді 2021 жылдың 16, 17 және 18 қараша күндері өтетін күзгі Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады.
Мектебімізде саясаттану және халықаралық қатынастар, экономика, еуразиялық зерттеулер, биологиялық ғылымдар және технологиялар, қолданбалы математика, физика және химия мамандықтары бойынша магистратура бағдарламалары, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары және еуразиялық зерттеулер бойынша PhD бағдарламалары ұсынылған. Сонымен қатар биыл Химия саласындағы докторантура бағдарламасы ашылды!
Виртуалды ашық есік күндерінде сіз мектебіздің бағдарламалары, зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері, құжаттар тапсыру туралы толық ақпарат ала аласыз, және сонымен қатар мектеп профессорларына және академиялық және студенттермен жұмыс жөніндегі қызметкерлеріне өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз.
Тіркелу мына сілтеме бойынша