NU-ға оқуға түсу және онда оқу бойынша жеке кеңестер
NU-ға оқуға түсуге ниетті талапкерлерді жеке кеңес алуға шақырамыз! Жеке кеңес беру барысында Университетке оқуға түсу және онда оқу жөнінде барлық сұрақтарға жауап береміз.
Жеке кеңес Zoom платформасында өтеді және 20 минутқа созылады. Кеңес беру кезінде сұрақтарыңызға Студенттердi оқуға тартуды басқару офисiнің өкілдері жауап беретін болады.
Жеке кеңеске тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз. Тіркелуден өткеннен кейін электрондық поштаңызға тіркелгеніңізді растайтын және сілтеме көрсетілген хат жіберіледі.
Жеке кеңес алуға талапкерлер, ата-аналар және кәсіби бағдар берушілер жазыла алады.
Қосымша сұрақтар бойынша Байланыс орталығымызыға info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы немесе +7 (7172) 64 25 84 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Сұрақтарыңыз дайын болса, біз оларға жауап беруге дайынбыз!