Қазақстанда ерекше балалардың ата-аналарына арналған алғашқы онлайн платформа іске қосылды

2021 жылдың 8 қарашасында Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық онлайн «Ozim Platform» (Android және IOS негізінде) іске қосылды. Қосымшаны әзірлеушілер – Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің түлектері Асем Тажиева, Мария Ипполитова және Дана Мамбеталина қосымшаның мүмкіндіктерін көрсетіп, оны құру идеясына не түрткі болғанын айтып берді. 

Жаһандық Covid-19 пандемиясы жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен мамандар балаларға білім беру және оңалту рәсімдерін ұйымдастыруда бірталай  қиындықтарға тап болды. 

«Ерте араласуды қажет ететін баланың анасы ретінде мен де пандемия кезінде оңалтуды ұйымдастырудың шектеулі мүмкіндігін сезіндім», – дейді жобаның негізін қалаушы Тажиева Асем. Бұндай тәжірибе ата-аналарды онлайн режимінде ақпарат алуға үйретуге себеп болды. Оңтайлы шешім ретінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған ақпараттық платформа түріндегі мобильді қосымшаны құру болды, онда теориялық материалдармен қоса, баламен үйде қазақ және орыс тілдеріндегі практикалық сабақтар да қамтылған. 

Онлайн қолданба идеясы SDF Grants 2020 бағдарламасының финалына жетіп, Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры грантының 13 иегерінің бірі болды. Жобаның сәтті жүзеге асуы үшін ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар балалар ата-аналарының үні мен пікірін тыңдау маңызды болды. Сондықтан, Ozim Platform жобасының тобы ата-аналардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеп, диагноздар туралы маңызды ақпараты бар арнайы мамандардың мақалаларында, үйде баламен практикалық жұмыс істеуге арналған бейнематериалдар, оңалту ұйымдары, психологтар мен заңгерлердің ұсыныстары қамтылған бірыңғай базасында қажеттілік бар екендігі анықталды. 

Ozim платформасы жобасына инклюзия саласындағы сарапшы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Ассистент профессоры Рита Каша қатысты. Презентацияда Ассистент профессор зерттеудің маңыздылығына тоқталып, «Сіздің зерттеуіңізге негізделген қосымшаны тәжірибе ретінде жүзеге асырғаныңызға қуаныштымын. Қолданбадағы беттердің бірі арнайы әлемдік деңгейдегі зерттеу тақырыбына арналған. Мұнда мақалалар орыс және қазақ тілдерінде қысқаша ұсынылады және қолданушы инклюзивті білім беру тәжірибесі туралы тұжырымдар мен пікірталастарға қол жеткізе алады. 

Жобаның тұсаукесерінде ерте араласу мамандары сөз сөйледі: реабилитолог Латиф Парпиев, Қазақстанның 2021 жылғы 100 жаңа тұлғасы байқауының жеңімпазы, сегіз жылдық тәжірибесі бар дефектолог Джастина Виктория, сонымен қатар цифрлық инклюзия бойынша сарапшы Зият Абдыкаимов. 

Сондай-ақ, тұсаукесерге Аружан Саинның «Милосердие» ерікті қоғамының өкілі Руслан Сармурзаков онлайн қатысты. «Мақсат бар. Бұл – балаларға сапалы өмір көрсетіп, ата-аналарға көмектесетін ақпарат пен мамандарды табу. Мұндайда ерте араласу өте маңызды»,- деді Руслан өз сөзінде.

Ozim Platform әлеуметтік жобасы ерте араласу туралы білімге қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ қазақстандық қоғамда инклюзивтілікті дамытуда маңызды қадам. Қолданба әзірлеушілер қосымша материалдармен толықтырылатынын, ерте араласу бойынша мамандар мен ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу қорларының өкілдері жұмысқа тартылғанын атап өтті.