Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы негізде оқуға тапсыратын талапкерлерге арналған маңызды хабарландыру

Құрметті талапкерлер!

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы негізде оқуға түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 30 маусымына дейін ұзыртылғанын хабарлаймыз. Толығырақ “Ақылы негізде оқуға түсу” бөлімінде сілтеме арқылы білуге болады.

Сонымен қатар, COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы салдарынан кейбір тест орталықтарында халықаралық стандартталған SAT тестінің өткізілмеуіне, сондай-ақ, басқа да тест орталықтарында аталған емтиханды тапсыруға орындардың болмауына байланысты Қабылдау комиссиясы 2021-2022 академиялық жылына арналған конкурс аясында ең төменгі өту балы бар SAT/ACT нәтижелерін ұсынуға мүмкіндігі жоқ талапкерлер үшін ALEKS PPL тестін ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Бағдарлама талапкерлері  ALEKS PPL тестін 2021 жылғы 2 шілдеден 8 шілдеге дейін тапсыра алады. ALEKS PPL тест туралы толық ақпарат пен нұсқаулық  admissions.nu.edu.kz порталында онлайн өтінімдерді тапсыру процесін аяқтаған және ең төменгі өту балы бар SAT/ACT сертификаттарын ұсынбаған барлық талапкерлерге тестілеу күні жақындаған уақытта жіберілетін болады.

Маңызды:

  1. 2021 жылы бакалавриат бағдарламасы үшін ALEKS PPL тестін тапсырған талапкерлердің тест нәтижелері Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы негізде оқуға түсу үшін де қарастырылады;
  2. Конкурста келесі тест түрлерінен тек біреуінің нәтижелері ғана қарастырылады: SAT / ACT / ALEKS PPL;
  3. IELTS/TOEFL тесттерін тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. SAT/ACT тест нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 12 шілде екенін ескертеміз, толық нұсқаулықты Жеке кабинетіңізде көре аласыз.

Талапкерлерді үнемі Университет сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды және электрондық поштаны тексеруді сұраймыз.

Сәттілік тілейміз!

 

Құрметпен,

Студенттерді оқуға қабылдау департаменті