«NU бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу және SAT жөнінде нені білу қажет» сұрақ-жауап сессиясы
Күні: 2022 жылдың 11 ақпаны
Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 16:00-17:30
NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі бакалавриат бағдарламаларының талапкерлерін Zoom-да өтетін cұрақ-жауап сессиясына шақырады!
Сессия барысында қатысушылар NU бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу талаптары мен іріктеу процесі және SAT тестісіне дайындық бойынша NU студентінен толық ақпарат алады.
Сессия бағдарламасы:
16:00-16:20 SAT тестісіне дайындық бойынша презентация, Ясмин Дошманова, NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті (орыс тілінде)
16:20-16:30 SAT бойынша сұрақ-жауап сессиясы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)
16:30-16:45 NU бакалавриат бағдарламалары мен оларға оқуға түсу талаптары жөнінде презентация, Лаура Палуанова, NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (орыс тілінде)
16:45-17:30 Оқуға түсу мәселелері бойынша сұрақ-жауап сессиясы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)
Тіркелу үшін мына сілтемеге өту қажет.
Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:
Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230
Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz