Азия Университеттері Альянсының «Өмір қауымдастығы: объектив арқылы биоалуантүрлілік» тақырыбында фотосурет байқауы

Құрметті НУ қауымдастығы,

Азия Университеттері Альянсы (AUA) хатшылығы Цинхуа Шэньчжэнь Халықаралық Жоғары мектебімен бірлесе отырып, «Өмір қауымдастығы: объектив арқылы биоалуантүрлілік» тақырыбында фотосуреттер байқауын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.

Назарбаев Университетінің (AUA мүше университеті ретінде) барлық студенттерін, оқытушыларын және қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Ұсынылған фотосуреттер биоалуантүрлілік тақырыбына арналуы керек, оларда жануарларды, өсімдіктерді, экожүйелерді, табиғатты сақтау мен қорғауды және басқа суреттерді көрсетуге болады. Фотосуреттер – сандық фотоаппарат және смартфонға түсірілген – екі санат бойынша, креативтілікке, өзіндік ерекшелігіне, сапасы мен тақырыпқа сәйкестігіне қарай бағаланады. Әрбір қатысушы 10 фотосурет ұсына алады, олар жеке бағаланады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылардың жасы 18 жастан кіші болмауы тиіс. 

Фотосуреттерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 15 наурызы (Бейжің уақытымен 23:59, UTC+8:00).

Құжаттарды тапсыру талаптары мен мерзімдері туралы қосымша ақпаратты осы жерден таба аласыз.