“NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі магистратура және докторантура бағдарламаларына грантқа оқуға түсу” ақпараттық сессиясы (Мектеп оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен түлектерінің қатысуымен)
NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі мен Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі магистратура мен докторантура бағдарламаларына қызығушылық танытқан барлық үміткерлерді Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!
Сессия барысында қатысушылар Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламалары, оқуға түсу талаптары және іріктеу процесі туралы толық ақпарат, сондай-ақ сұхбаттасуға дайындық жөнінде пайдалы кеңестер алады.
Сессия бағдарламасы:
18:00-18:05 Алғы сөз, Аида Сұлтанәли, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі
18:05-18:30 Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша презентация, Аида Сұлтанәли, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (ағылшын тілінде)
18:30-19:00 «Сұхбатқа қалай дайындалу керек», Луис Рохас, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған Провост (ағылшын тілінде)
19:00-19:15 Юсуп Тумгоевпен сұхбат, Деректер туралы ғылым магистратура бағдарламасының студенті, Компьютерлік ғылымдар бакалавры (ағылшын тілінде)
19:15-19.30 Сұрақ-жауап сессиясы, Аида Сұлтанәли, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)
Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.
Сессия 2022 жылдың 3 ақпанында Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 18:00-19:30 аралығында өтеді.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
Оқуға түсу сұрақтары бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:
Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230
Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz