НУ ғалымдары 2022 жылғы Жас ғалымдардың жаһандық саммитіне қатысты
NU ғалымдары Жас ғалымдардың жаһандық саммитіне (GYSS 2022) қатысты. NU SSH постдокторанттары Әйгерім Солтабаева, Эллина Мун, Азат Абдуллаев, NU SEDS постдокторанттары Айбек Ниетқалиев, Алтынгүл Жұмабаева, Абылайхан Ахажанов және NU SEDS үшінші курс докторанты Жанат Махатаева 2022 жылғы 17-22 қаңтар аралығында Жас ғалымдардың жаһандық саммитіне (GYSS 2022) қатысты.
GYSS – бұл әр түрлі мәдениеттер мен пәндердің ғалымдары арасында тәжірибе алмасу үшін көрнекті ғылыми ойлар мен жас зерттеушілерді біріктіретін жыл сайынғы пәнаралық саммит. Биылғы жылы әлемнің жетекші ғалымдары виртуалды саммитке жиналып, ғылым мен техниканың беталысын талқылап, болашақтағы өзгерістерді және зерттеулердің негізгі жаһандық мәселелерді қалай шешетінін талқылады.
“GYSS саммитіне қатысу мен үшін үлкен мәртебе болды. Қатысушылар ретінде біз әлемнің жетекші ғалымдарымен, Нобель сыйлығының, технологиялар саласындағы мыңжылдық сыйлығының лауреаттарымен, Филдс медалінің иегері және химия, физика және медицина саласындағы басқа да маңызды лауреаттармен кездесуге мүмкіндік алдық. Біз олардың сөйлеген сөздерін, өмірі мен мансаптарының қызықты оқиғаларын тыңдадық. Жалпы, бұл жас ғалымдарға құнды идеялар беріп, шабыт көзі болды”, – деп бөлісті Эллина Мун.
Ғалымдар пленарлық дәрістерге, панельдік пікірталастарға және сұрақтар мен жауаптар сессияларына қатысты, шағын топтарда сабақтар өтті. Әйгерім Солтабаева осы кездесулерге дайындаған өзінің бейнепрезентациясымен бөлісті.
Бес күн бойы қатысушылар бір-бірімен араласып, түрлі салаларда тәжірибе алмасты. “Маған бүкіл әлемдегі студенттермен танысып, әңгімелесу ұнады. Мен түрлі пәндер мен университеттердің көптеген тамаша жас ғалымдарымен кездесуге мүмкіндік алдым. Біз докторантурада оқу, болашақ жоспарлар, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе – теңдікті қалай сақтау керектігі туралы түрлі тақырыптар бойынша тәжірибемізбен, ойларымызбен бөлістік”, – деді Жанат Махатаева.
Саммит қатысушыларына жыл сайын қайталанатын хабарлама берілді: өзіңіз жақсы көретін нәрсені жасаңыз. Химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (2009) доктор Венки Рамакришнан айтқандай, “Құмарлығыңызға еріп, сізді қызықтыратын нәрсені жасаңыз, өйткені сіз қызықсыз нәрсемен айналыспайсыз!”.