NU-ға оқуға түскісі келетін талапкерлерге арнайы Telegram-бот іске қосылды!
NU-ға оқуға түскісі келетін талапкерлерге арнайы Telegram-бот іске қосылды!
Құрметті талапкерлер!
Студенттердi оқуға тартуды басқару офисi NU-ға оқуға түсу жөнінде жедел ақпарат алғысы келетін талапкерлерге арнайы Telegram-бот іске қосылғандығын хабарлайды. Telegram мессенджеріндегі бот келесі сұраулар бойынша толық ақпарат береді: «Оқуға түсу», «Қаржыландыру мүмкіндіктері», «Рекрутинг іс-шаралар кестесі» және «Виртуалды ашық есік күні».
Ботпен жұмыс істеу өте оңай:
- Telegram қосымшасына кіреміз, іздеу түймесін басып, бот атауын енгіземіз: @NUadmissions_bot
- Ботпен сөйлесуді бастау үшін, «Старт» түймесін басу қажет. Бас менюдің ашылған терезесінде қажетті бөлімді таңдап, әрі қарай бот нұсқауларын орындаңыз.
Telegram-бот сілтемесі: https://t.me/NUadmissions_bot
Telegram-боттың жұмыс тілі – ағылшын