Университет алдындағы дайындық бағдарламасының талапкерлеріне арналған хабарландыру

Құрметті Университет алдындағы дайындық бағдарламасының талапкерлері!

Конкурстық іріктеудегі келесі өзгерістер туралы хабарлаймыз: 

  1. Талапкерлер ең төменгі талаптарға сай және тест орталықтарында тапсырылған IELTS/TOEFL/Linguaskill тест нәтижелерін белгіленген мерзімге дейін өздігінен тапсырулары қажет. TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тест нәтижелері қарастырылмайды;
  2. Nazarbayev University Foundation Year Program Entrance Test (NUFYPET) атауы Nazarbayev University Entrance Test (NUET) болып өзгертілді;
  3. NUET – Назарбаев Университеті есебінен өткізілетін жалғыз қабылдау емтиханы болып табылады. 

Талаптарға енгізілген өзгерістер талапкерлерге оқуға түсуді алдын ала жоспарлауға және NUEТ-ке қатысу үшін тікелей рұқсат алуға мүмкіндік береді. Талаптар мен шарттар туралы толығырақ ақпаратты осы сілтеме арқылы білуге болады. 

Сонымен бірге, талапкерлердің мүддесіне қарай Linguaskill тест нәтижелерін қабылдауға шешім қабылданды. Бұл ағылшын тілін меңгеру деңгейін тез және дәл анықтауға мүмкіндік беретін Кембридж университеті әзірлеген ыңғайлы және автоматтандырылған тест. Тестті 18 аймақтық UStudy тест орталықтарында бірнеше рет қолжетімді бағаға тапсыруға болады. Нәтижелер 3-5 жұмыс күннің ішінде белгілі болады. Тест туралы қосымша ақпаратты Cambridge Assessment English сайтында білуге болады. Талаптар және сертификаттарды ұсыну тәсілі осы сілтеме бойынша қолжетімді. 

Университет сайтындағы жаңартуларды қадағалауды және электрондық поштаны тексеруді сұраймыз. 

Cәттілік тілейміз!

Сау саламат болыңыз.