Университет алдындағы дайындық Бағдарламасының талапкерлеріне арналған хабарландыру!

Құрметті Университет алдындағы дайындық бағдарламасының талапкерлері!

COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты күтпеген жағдайларлар салдары себебінен, Қабылдау комиссиясы 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында минималды өту баллдарына сәйкес келетін IELTS/TOEFL сертификатты ұсынуға мүмкіндіктері жоқ талапкерлерді Aptis және NUFYPET емтихандар нәтижелеріне сүйене отырып қарастыруға шешім қабылдады. Осы мақсатта Aptis тест нәтижелері шетел тілін меңгерудегі құзырлықтың жалпы еуропалық жүйесі бойынша IELTS нәтижелеріне байланыстырылады. Сонымен қатар NUFYPET баллдары да есепке алынады.

Өту баллдарына сәйкес келетін IELTS/TOEFL сертификаты бар талапкерлерге 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін келесі қадамдарды орындау арқылы нәтижелерді ұсыну қажеттілігін ескертеміз:

  • Тест Орталығы арқылы Назарбаев Университетіне тікелей ресми электронды нәтижелерін жіберу;
  • Жеке кабинетке сертификатының көшірмесін және оның нәтижелерін жүктеу.

Университет сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды және электрондық поштаны тексеруді сұраймыз.

Рахмет! Өзіңізді күтіңіз!

Құрметпен,

Қабылдау департаменті