Жоғары бизнес мектебі Адами ресурстарды басқару жөніндегі магистр бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартты
Жоғары бизнес мектебінің Адами ресурстарды басқару жөніндегі магистр бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін):
- Қалыпты тіркелу – 2021 жылғы 17 тамыздан 30 қыркүйекке дейін (тіркеу жарнасы – 30 000 теңге)
- Кеш тіркелу – 2021 жылғы 1 қазаннан 27 қазанға дейін (тіркеу жарнасы- 40 000 теңге).
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application» батырмасын басқаннан кейін өтінімге өзгерістер енгізілмейді.
Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріп, Жеке кабинеттегі статустарды қадағалап отыруыңызды сұраймыз.
Назарбаев Университетіне Адами ресурстарды басқару жөніндегі магистр бағдарламасына оқуға түсу мәселелері бойынша электрондық пошта арқылы admissions.gsb@old.nu.edu.kz ЖСН (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмірді — Applicant ID міндетті түрде көрсетіп хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Студенттерді оқуға қабылдау департаменті