Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады
Кездесуде «Назарбаев Университетінің» 10 жыл ішінде қол жеткізген басты жетістіктері мен жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясын жүзеге асыру барысы талқыланды.
Елбасы «Назарбаев Университетінің» аз уақыт ішінде жоғары білікті кәсіпқой кадр даярлайтын және отандық ғылымды дамытатын жетекші оқу орнына айналғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар оқу орнын болашақ жобаларына, атап айтқанда, Алматыда жасанды интеллект кампусын ашуға назар аударды.
Өз кезегінде Ш.Катсу Университеттің 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясының негізгі индикаторларына қол жеткізілгені туралы баяндады. Ғылыми зерттеулердің сапасы бойынша «Назарбаев Университеті» Еуразия кеңістігіндегі 10 үздік жоғары оқу орнының қатарына қосылып, құрлықтағы жетекші оқу орындарына бәсекелес болып отыр.
Дереккөз: elbasy.kz