Жоғары бизнес мектебі Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартты

Жоғары бизнес мектебінің Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 15 маусымдағы дейін ұзартылды (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін).

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу; 
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
  4. «Submit application»  батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application» батырмасын басқаннан кейін өтінімге өзгерістер енгізіле алмайды.

Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз және Жеке кабинеттегі статустарды қадағалап отырыңыз

Назарбаев Университетіне Қаржы ғылымдары магистрі бағдарламасына оқуға түсу мәселелері бойынша электрондық пошта арқылы admissions.gsb@old.nu.edu.kz ЖСН (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмірді — Applicant ID міндетті түрде көрсетіп хабарласуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

Студенттерді оқуға қабылдау департаменті