Пандемия және НУ: қабылдау жағдайындағы өзгерістер
Covid-19 пандемиясы бүкіл әлем үшін жаңа сын-тегеурінге айналды және адам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде білім беру саласына да әсер еткені сөзсіз.
Осылайша НУ-ға да нақ «жол үстінде» қабылдаудың және оқытудың негізіне алынған, ашықтық, айқындылық және адалдық қағидаттарынан ауытқымай, оқуға түсудің жаңа ережелері мен рәсімдерін қалыптастыруға байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тура келді.
«Бізге стандартталған тесттерге қатысты қабылдау талаптарын қайта қарауға тура келді. COVID-19 жағдайын ескере отырып, 2020 жылдан бастап халықаралық стандартталған тест – SAT, IELTS, GRE, TOEFL әкімшілері емтихандарын уақытша тоқтатты және тест өткізу форматтарын өзгертуді қарастырды. Сонымен қатар, кейде әкімші емес, жоғары оқу орындарына түсушілер үшін осы тестілерді жүргізуге лицензиясы бар орталықтар да тестілерді өткізуден бас тартты», – дейді НУ Студенттерді қабылдау департаментінің директоры Айжамал Жазықпаева.
Осылайша, 2021-2022 оқу жылына арналған конкурсқа қатысатын Foundation бағдарламасының талапкерлері университет қаражаты есебінен Duolingo English Test емтиханынан өте алды. Сондай-ақ, NUFYPET пәндік емтиханы алғаш рет онлайн режимінде өткізілді, бұл өңірге және елге қарамастан, талапкерлерге тестті үйден қашықтықтан тапсыруға мүмкіндік берді.
Өзгерістер бакалавр бағдарламасына түсуге де әсер етті. НУ қабылдау комиссиясы ең аз өту балымен SAT/ACT сертификатын ұсына алмайтын талапкерлер үшін ALEKS PPL тестін өткізу туралы шешім қабылдады. ALEKS PPL тесті Foundation-ға ақылы негізде оқуға өтініш берген талапкерлерде де қаралатын болады.
Сонымен қатар, пандемия кезінде оқуға түсушілердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін НУ оқуға түсуге қажетті басқа процестерді жетілдіру және автоматтандыру бойынша шараларды да қабылдауда. Мысалы, тестілеу сертификаттарының түпнұсқаларын НУ-ға беру енді қажет емес. Нәтижелерді университет тест әкімшілерінің электрондық жүйесіне кіру арқылы тексереді. Бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары үміткерлерінің барлық сұхбаттары енді тек онлайн режимінде өтеді.