Foundation бағдарламасына онлайн тіркелу 2019 жылдың 9 желтоқсанға дейін ұзартылды. Тіркелуге асығыңыз!

Тіркелу 2019 жылдың 9 желтоқсанға дейін ұзартылды (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін). Тіркелу үшін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрыңыз, тіркеу жарнасын төлеңіз, талапкер өтінім-сауалнамасын толтырыңыз және кажетті құжаттарды жүктеңіз. 

Маңызды:

  • Осы жылдан бастап NUFYP Entrance Test барлық мамандықтар үшін «Математика» және «Критикалық ойлау» пәндер бойынша бағаланады. 
  • Егер Сіз Назарбаев Университетіне өзіңіздің IELTS/TOEFL сертификатыңызды тапсырғыңыз келсе, IELTS/TOEFL ресми электронды сертификаты Тест Әкімшілігінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Сонымен қатар, сертификаттың сканерленген көшірмесін өзіңіздің жеке кабинетіңізге жүктеңіз. 

IELTS үшін код: Nazarbayev University 

TOEFL үшін код: 6762