Бізбен бірге кыс жылы болсын
Қыстың аязды күндері қарсаңында «Warm Winter» немесе «Жылы Қыс» жобасы бірнеше жылдан бері Назарбаев Университетінде бастау алып келеді. Осы жоба аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары жылы қысқы киіммен қамтамасыз етіледі. Акцияға кез-келген адам қатыса алады, ол үшін тек бір баланы қысқа дайындауға көмектесетін адамдар тобын жинау керек (жылы киім, етік және т.б.).
Әрбір осындай топқа студенттер арасынан арнайы үйлестірушілер көмектеседі. Көмек сондай-ақ азық-түліктерді, қажетті тұрмыстық техниканы, қысқа арналған көмір сатып алу және т. б. түрінде ұсынылуы мүмкін.
Бүгін біздің сұхбаттасымыз – «Children’ s Development Foundation» қоғамдық қорының мүшесі, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3 курс студенті Иманбаева Софья. Ол бізге жобаның қашан іске қосылғандығы, оның қалай іске асырылып жатқандығы, оны жүзеге асыру барысында қанша балаларға көмектескені туралы айтып берді.
– Алдымен бұл идеяның қалай пайда болғанын айтайын. 2010 жылдан бастап, Университеттің студенттік қоры жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына арналған тәлімгерлік бағдарламасын ұйымдастырып өткізіп жүрді.
Алғашқы жылдары студенттер NIS, BIL, RSMPH және жергілікті жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына балаларды дайындау мақсатында тегін сабақтар жүргізді. Қазір әр демалыс күндері студенттер 5-сынып оқушылары үшін математика, ағылшын тілі және логика, сонымен қатар 10-сынып оқушылары үшін химия, биология және физиканы үйрететін курстар ұйымдастырып, өткізеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде бұл жобаға Назарбаев Университетінің 94 студенті ерікті түрде тәлімгер ретінде қатысты.
Сонымен қатар, студенттер осы сабақтарға қатысып жүрген балалардың қыста жаппай сабақтарға қатыспай өткізіп жүргендерін байқады. Анықталғандай, қысқы кезеңде балалар жылы киімнің жоқтығынан сабақ орнына жете алмаған. Бұл мәселені шешу үшін осы жобаны ұйымдастыру шешілді. Ал жоба барысында жиналған қаражаттың жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету үшін, адамдар өздері ақша жинайды, қажетті заттарды сатып алады, ал біздің студенттік клуб осы процесті жалпы үйлестіруді жүзеге асырады. Содан бері алтыншы рет (2014 жылдан бастап) жоба сәтті іске асырылып келеді. Ал біз оларды қысқы киіммен қамтамасыз ете отырып, балаларды барынша көп қамтып үлгеруіміз үшін жоба қазан айында басталып, желтоқсан айының басына дейін жалғасады.
Егер нәтижелер туралы айтатын болсақ, 2014-2017 жылдары 117 отбасының 337 баласы біздің жобамыздың арқасында жылы киіммен қамтамасыз етілді, 2018 жылы қысқа дайындық жұмыстарына 40 отбасының 140 балаларына көмек көрсетілді. Осы жылдың қорытындылары әлі шыққан жоқ, бірақ қазір 200 – ге жуық бала жобаға қатысушылардан, олардың ішінде студенттерден, оқытушылардан, Университет және оның еншілес құрылымдарының қызметкерлерінен қажетті қолдауға ие болды деп айта аламыз.
Айта кететін жайт, біздің жобаны тек НУ қауымдастығы ғана емес, сонымен қатар көптеген ұйымдар да қолдайтындығын қосқым келеді. Мәселен, бізге ең алдымен қысқы киімге мұқтаж отбасыларды іздеу маңызды болды. Бұған бізге түрлі қоғамдық қорлар көмектесті, мысалы, биыл біз «Замандас» ҚҚ-мен жұмыс жасадық. Болт көлік платформасы жобаға 60 тегін такси қызметін ұсыну арқылы біздің жобамызға қолдау көрсетті. 8 желтоқсан күні Shoreditch-те біздің жобаны қолдауына арналған жергілікті топтардың қатысуымен концерт өткізіледі, одан түскен қаражат әлі көмек алмаған балаларға жылы заттарды сатып алуға жұмсалады. Rotary Club Astana қоғамдық мекемесінің арқасында биылғы жылы 10 бала жылы киіммен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, біздің қордың мүшесі болып табылатын Университеттің кейбір түлектері халықтың аз қамтылған топтарының балаларын қолдау географиясын кеңейте отырып, осы бастаманы қолдауды жалғастыруда және осы жылы олар өздерінің әріптестерімен Алматы қаласында осындай 10-ға жуық баланы киіндірген.
Сондай-ақ, біздің студенттік клуб университет қауымдастығымен қайырымдылыққа берілген және жақсы жағдайда болған Garage Sale – заттарын сату жөніндегі ұйымдастырушысы болып табылады. Жәрмеңкеде кітаптар, кеңсе тауарлары, зергерлік бұйымдар, сағаттар, бас киімдер, шарфтар, электронды құрылғылар және т.б. сатып алуға болады. Біз әрдайым жәрмеңкеге қатысуға түрлі дүкендерді шақырамыз.
Өткен академиялық оқу жылында біз 830 000 теңгеден астам қаражат жинадық, қаражатты біз медициналық қызметке мұқтаж адамдарды емдеуге арнадық.
Болашақта біз жобамыздың көлемін кеңейтіп, басқа университеттер мен компаниялардың қосылуымен қалалық деңгейге шығуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, біз Алматы қаласын үлгі етіп, түлектеріміздің көмегімен басқа қалаларда жалғастыруды қалаймыз.
Біздің «Children’ s Development Foundation» қоғамдық қоры жобаларды жүзеге асыруда көрсеткен қолдауы үшін барлық жанашыр азаматтарға алғыс білдіреді.