Coco Fest Назарбаев Университетінде атап өтілді
Осымен НУ қауымдастығы екінші жыл қатарынан мексикалықтардың дәстүрлі ата-бабаларын қастерлейтін día de Muertos (өлілер күні) мерекесін атап өтуге белсенді қатысып отыр. Бұл іс-шараны НУ-да әлемге осы ежелгі дәстүрдің сұлулығын көрсеткен мультфильмнің құрметіне “Coco Fest” деп атайды. Колумбқа дейінгі замандардан бастау алатын Өлілер Күні жыл сайын бүкіл Мексика аумағында, әсіресе орталық және оңтүстік аудандарда 1 және 2 қарашада атап өтіледі.
Мереке өзінде қайтыс болған жақындарын еске алуға және олардың рухани саяхатын қолдауға арналған отбасылық және достық кездесулерді қамтиды. Мексика мәдениетінде Өлім адамның өмірлік циклінің табиғи бөлігі ретінде қарастырылады. Мексикалықтар оны қайғы күні емес, мереке ретінде қарайды, өйткені олардың сенімі бойынша осы күні олардың жақындары ұйқысынан оянып, олармен бірге тойлайды. 2008 жылы бұл дәстүр ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Coco Fest фестивалін НУ-дың испан клубы nu Art Club, nu Latino Dance Club, nu Dance club, nu Ballroom club, nu Rock Out, nu French Club, and NU Dance Club “Latino”ынтымақтастықта ұйымдастырды. Нұр-Сұлтанда тұратын шетелдіктер жетекшісі Сандра Реал (2019 ж.Еуразиялық зерттеулер бағдарламасы бойынша НУ түлегі) және Норма Селис Студенттік клубтарға тәлімгерлік етті. Сондай-ақ, студенттерге жаратылыстану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі испан және француз тілдерінің оқытушылары көмек көрсетті.
8 қарашада барлық НУ қауымдастығы калаверит және катриналдық кескіндеме бойынша мастер-класқа қатысуға шақырылды. Осы сабақ барысында қатысушылар фестивальді тойлау дәстүрінің тарихы мен мәдени маңыздылығы туралы көптеген қызықты мәліметтерге қанықты, сондай-ақ өз қалауы бойынша түстер мен техникаларды таңдап, өздерінің көркем концепцияларын жасау мүмкіндігіне ие болды. Осы мастер-класта жасалған барлық әшекейлер келесі күні өткен алтарьларды безендіру үшін пайдаланылды.
Coco Fest фестивалінің екінші күні НУ-да музыкалық концерт және түрлі би көріністері, сондай-ақ алтарьларды безендіру көрмесі өтті. Қатысушыларға бүкіл Мексика бойынша алтарьларды әшекейлеудің өңірлік алуан түрлілігі туралы айтылды. Алтарьды әшекейлеуден кейін қонақтар испан және ағылшын тілдерінде рок-музыканы ықыласпен тыңдады. Сондай-ақ қонақтар дәстүрлі мексикалық үстел ойындарын ойнады, сальса, Бачат, реггетон және студенттік клубтардың орындауында балдық музыка биін тамашалады.
Іс-шараның ортасында Латын Америкасы музыкасының би флешмобы өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Мексика мәдениеті бойынша сұрақтар қойылған зияткерлік викторинаға қатысып, түрлі жүлделерді ұтып алуға мүмкіндік алды.
Mrs. Aurora Sanchez-Anguiano (NU SoM): Мексикада туған адам ретінде, осы мерекені туған үйіңнен қашықта тойлау әсерлі болды!
Gulim Daniyarova (Ministry of Foreign Affairs): Өзім өткізуге көмектескен барлық кештердің ішіндегі ең тамашасы болды!
Laura (Mexican expat in Nur-Sultan): Бұл тамаша оқиға болды. Бастамаға рахмет! Студенттер испан тілін үйреніп, Катрина макияжын жаққанын ұнатамын.
Mr. Marcelo López Lara (NU GSE): Осы іс-шараның ұйымдастырылуымен құттықтаймын. Бұл жетістік! Көптеген адамдар Мексика дәстүрлерімен танысуға мүдделі екенін көру көңіліме қонды.