Алматы қаласындағы Назарбаев Университеті Күні

15-17 қараша аралығында Алматы қалалық Q-lab жобалар зертханасында Назарбаев Университеті Күндері өтті.

Осы 3 күндік іс-шара аясында қатысушылар Назарбаев Университетінің магистратура және докторантура бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері мен білім алу шарттары туралы ақпаратты бірінші қолдан алу  мүмкіндігіне ие болды.

Назарбаев Университетінің профессорлары дәрістер мен мастер-кластар өткізіп, жасанды интеллект, медицина, мұнай машина жасау, бизнес және білім беру саласындағы өз жаңалықтарымен бөлісті, сондай-ақ Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары туралы айтты.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің стратегиялық әріптесі болып табылатын Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебінің (АҚШ) Мансап орталығының директоры, арнайы шақырылған қонақ өзі армандаған компанияға LinkedIn әлеуметтік желісінің көмегімен қалай жұмысқа орналасқанын айтып берді. Ал Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектері стартаптарды ұсынып, ЖОО-дан және оның жанында жұмыс істейтін Технопарктен жобаға қалай қолдау алу керектігі жөнінде өз тәжірибелерімен алмасты.

Медицина мектебінің өкілдері дәрігерлер мен медбикелердің жаңа буыны туралы, заманауи гаджеттерді Альцгеймер ауруын емдеуде қалай қолдануға болатынын айтты. Назарбаев Университетінде жасалған, инсульттен кейін оңалтуға арналған экзоқаңқа роботтың жұмысын көрсетті. Duekuang Lee профессоры, Назарбаев Университетінің құрылыс инженерия кафедрасының оқытушысы биік  ғимараттардың құрылысындағы соңғы технологиялармен бөлісті және дәрістің қонақтарымен бірге инженерлік құрылымдарды салу кезіндегі басты ерекшеліктерді көрнекі көрсету үшін спагеттиден ғимарат жасады.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында конкурстар өткізілді, сондай-ақ НУ логотипі бар жүлделер мен естелік сыйлықтар ойнатылды.