Назарбаев Университетінің профессоры адам эпигенетикасы бойынша әлемдегі алғашқы оқулықты жариялады

Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің биология департаментінің профессоры Фердинанд Молнар Шығыс Финляндия Университетінің профессоры Карстен Карлбергпен бірігіп студенттерге арналған оқулықты жариялады, осы оқулықта адамның сау күйіне эпигенетиканың тигізетін рөлі сипатталған. Springer баспа үйінің мәлімдеуіне сәйкес  ғалымдардың еңбегі адамның эпигенетикасына арналған ең бірінші оқулық болып танылды.

«Эпигенетика біздің геномның қоршаған ортаның сигналдарымен қалай байланысты екендігін молекулалық түрде түсіндіреді», – деп мәлімдеді авторлар. Авторлар атап өткендей, адамның инфекциялық емес ауруларының көпшілігі генетикалық, тұқым қуалайтын компонентке, сондай-ақ біздің өмір салтымызға және қоршаған ортаға негізделген эпигенетикалық компонентке ие болады.

Эпигенетика адам диетасы сияқты сыртқы факторлардың әсер етуі мүмкін ДНК жүйелеріндегі өзгерістерге байланысты емес гендер функциясындағы өзгерістерге жатады. Жасушалар ядросында біздің гендер гистон ақуыздары мен геномдық ДНК кешені болып табылатын хроматинге оралған. Эпигенетикалық механизмдер ДНК түрленуін, гистондардың модификациясын және үш өлшемді хроматиннің түзілуін қамтиды.

Оқулықта эмбриогенез және жасушалық саралау кезінде, сондай-ақ қартаю және обырдың даму қаупі кезінде эпигенетиканың орталық мәні талқыланады. Сонымен қатар, эпигеномның мидағы жасушалық оқиғалардың молекулалық қоймасы ретінде ғана емес, сонымен қатар зат алмасу органдарындағы және иммундық жүйедегі рөлі сипатталған. Бұл тұрғыда нейродегенеративті ауруларға эпигенетикалық әсер ету, сондай-ақ аутизм, 2-ші типті диабет сияқты метаболикалық аурулар және аутоиммунитет сияқты ақаулы иммундық жүйеге негізделген бұзылулар талқыланады.

Авторлар туралы:

Карстен Карлберг – Куопио  қаласында (Финляндия) Шығыс Финляндия Университетінің биохимия профессоры, осы жерде ол 2000 жылдан бері жұмыс істейді. 1989 жылы Free University Berlin (Германия) Биохимия бойынша философия докторы дәрежесін алды. Профессор Карлберг Рош қаласында (Базель, Швейцария) пост-докторант, Женева Университетінде (Швейцария) топ жетекшісі және Дюссельдорф Университетінде (Германия) доцент болып жұмыс істеді. Оның жұмысы гендерді ядролық гормондармен реттеу механизмдеріне, атап айтқанда D витаминіне шоғырланған. Қазіргі уақытта профессор Карлбергтің адамның иммундық жүйесіне D витамині эпигеномының тигізетін әсері бойынша жобалары бар.

Профессор Фердинанд Мольнар 2006 жылы Куопио Университетінде (Куопио қ., Финляндия) Биохимия бойынша философия докторы дәрежесін алды. Ол IGBMC (Илкирх, Франция) құрылымдық биология саласындағы ғылым докторы дәрежесін алды. 2008 жылы ол Шығыс Финляндия Университетінің (Куопио қ., Финляндия) Фармацевтикалық мектебіне оқуға түсіп, ядролық рецепторлардың лигандпен, ақуызбен және ДНК-мен өзара әрекеттесуін зерттеді. 2018 жылы ол Назарбаев Университетіне ауысты, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің биология кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарады. Профессор Мольнардың ғылыми еңбектері – ықпалдастырылған  құрылымдық биология және биоинформатика, нормадағы және патологиядағы эукариотикалық транскрипцияны реттеу, сондай-ақ рекомбинанттық ақуызды  өндіру болып табылады.