GESS Dubai 2021 көрмесіне қатысу үшін Jalgas грантын алған стартаптардың таныстырылымы
Күні: 2022 жылдың 11 наурызы
Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 15:00
Сіздерді GESS Dubai 2021 көрмесіне қатысқан стартаптардың онлайн таныстырылымына қатысуға шақырамыз. Бұл сапар EdTech саласындағы NURIS инновациялық стартаптарын қолдау шеңберінде Әлеуметтік даму қорының Jalgas грантының арқасында мүмкін болды!
– Smarttestprep (Лаура Вайгорова) – білім беру және емтиханға дайындық мәселелері бойынша кеңес беруге арналған кешенді онлайн платформа.
– Aero proctoring (Мирас Советов) – платформа онлайн емтихандарды бұзушылықсыз ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді.
– CodiPlay(Жанадил Талдыбаев) – жоба оқушыларға мобильді ойындар мен IoT конструкторлары арқылы бағдарламалауды үйрету үшін тәжірибеге бағытталған шешім ұсынады
– Ted Project (Бакытжан Жакажанов) – осы платформа арқылы болашақ мамандықты іс жүзінде сезіну үшін тиісті тағылымдамаларды табуға болады.
– TeachersLab (Адлет Елеусов) – бұл маркетплейсте мұғалімдер өздерінің авторлық оқу материалдарын тегін сатып ала, сата немесе орналастыра алады
Таныстырылым кезінде көрме қатысушылары EdTech саласындағы өз әсерлері мен жаңалықтары туралы әңгімелейді.
Таныстырылым орыс тілінде болады.
Ic-шараға қатысу үшін мына сілтемеге басыңыз