IELTS емтиханын өткізу кестесі
Қазақстан аймақтарында Назарбаев Университетіне 2012-2013 академиялық жылы оқуға түсуге арналған III кезеңнің емтиханын (IELTS) өткізу кестесі
| Қала | Күні |
| Астана | 12 мамыр 2012 |
| Алматы | 12 мамыр 2012 |
| Қызылорда | 19 мамыр 2012 |
| Ақтөбе | 19 мамыр 2012 |
| Атырау | 19 мамыр 2012 |
| Шымкент | 19 мамыр 2012 |
| Семей | 26 мамыр 2012 |
| Тараз | 26 мамыр 2012 |
| Орал | 26 мамыр 2012 |
Британ кеңесі он-лайн режимінде IELTS тестін тапсыру үшін Назарбаев Университетіне оқуға түсудің жаңа тіркеу жүйесін әзірледі. Осы тіркеу жүйесі IELTS тестін тапсыру үшін басымды болып табылады, өйткені IELTS-тің барлық модульдері (жазу, мәтінді оқу және түсіну, тыңдау, сөйлеу) бойынша емтиханға тегін он-лайн режимінде дайындық жүргізіледі.
Осы тіркеу Назарбаев Университетінің барлық талапкерлері үшін міндетті болып табылады.
IELTS емтиханын тапсыру үшін, Сіз өзіңізбен бірге келесі құжаттарды әкелуіңіз қажет:
• Жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасын
Емтихан өткізілетін бөлмеге әкелуге рұқсат етіледі:
• Өшіргіш
• Ұштағыш
Емтиханға әкелуге рұқсат етілмейді:
• Ұялы телефондар (сөндірілген қалыпта болса да!)
• Басқа да электрондық құралдар
• Сөмке, кітап, дәптер және басқа да жеке заттар

