Ғылым және технологиялар мектебінде Робототехника және мехатроника бойынша өткізілген сабақ

Робототехника және мехатроника департаментінің профессорлары Атакан Варол мен Алмас Шыңтеміров оқытатын робототехника бойынша кіріспе пәні сабағында бірінші курс студенттері күрделі техникалық құралдардың құрылысымен танысты. Бағдарламаға өндіріс кәсіпорындары мен индустриялық компаниялармен танысу сабақтары кіреді. Сөйтіп, студенттер іс жүзінде қандай техникалық құралдардың қолданылатынын өз көздерімен көріп танысты. Сонымен қатар, осы сабақтар университетте алынған теориялық білімді жақсы меңгеруге және бекітуге мүмкіндік береді. Зауытқа сапар барысында Назарбаев Университеті студенттерінің келешекте осы жерде өндіріс практикасын өткізу мүмкіндігі туралы шарт келісілді.