IELTS/TOEFL сертификаттары жоқ Университет алдындағы дайындық Бағдарламасы талапкерлеріне арналған хабарландыру!
Құрметті NUFYP бағдарламасының талапкерлері!
Университеттің бақылауынан тыс себептерге байланысты 2021 жылы Aptis Remote емтиханы өткізілмейтіндігін хабарлаймыз. Орын алған жағдайларға байланысты Университет алдындағы дайындық бағдарламасының қабылдау комиссиясы 2021-2022 оқу жылына арналған конкурс шеңберінде Duolingo English Test (DET) емтиханын өткізуге шешім қабылдады. Одан арғы нұсқаулық пен тест тапсыру күндері туралы ақпаратты алу үшін Университет сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды және электрондық поштаны жиі тексеруді сұраймыз.
Duolingo English Test тесті туралы ақпарат:
* DET тапсырмай NUFYP ET емтиханына жіберім үшін ең төменгі түсу талаптарына сәйкес келетін IELTS/TOEFL сертификаттары бар талапкерлер нәтижелерін Жеке кабинеттеріне 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін жүктеу керегін еске саламыз.
Денсаулығыңызды және өзіңізді күтіңіз!
Құрметпен,
Қабылдау департаменті