NUFYP бағдарламасына қабылдау емтихандарының өткізілетін күндері

Құрметті NUFYP бағдарламасының талапкерлері!

Қабылдау емтихандары өткізілетін күндерден хабардар болыңыздар:

  • Duolingo English Test (DET): 2021 жылғы 30 қаңтар 

  • NUFYP Entrance Test: 2021 жылғы 28 ақпан 

Екі емтихан да қашықтықтан онлайн платформа арқылы өткізіледі. Бұл шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты және коронавирустың таралу қаупін болдырмау мақсатында қабылданды. Қазіргі жағдайда Назарбаев Университеті үшін ең маңыздысы – Сіздің деңсаулығыңыз бен амандығыңыз. 

Тест әкімшілерінің техникалық талаптары туралы барлық кажетті ақпарат жақын арада біздің сайтта жарияланады және талапкерлерге әр емтихан алдында жіберіледі. Емтихандарға алдын-ала дайындалып, желілік байланысты және қажетті техникалық құрылғылардың функционалдығын тексеріңіз. Талапкерлерден жеке жауапкершіліктерін сезінуді және қабылдау емтихандарын тапсыру үшін техникалық дайындыққа мұқият қарауды сұраймыз. 

Маңызды: Тесттердi тапсыру үшін паспорт немесе жеке куәлік міндетті түрде болу керек.

Тест әкімшілері емтихан кезінде  тәртіп Ережелерінің бұзылуын немесе қабылдау емтихандары кезінде көшіруді болдыртпау және оларды тіркеу үшін тиімді прокторинг қызметтерін қолданады. Бұзушылық анықталған жағдайда, емтихан нәтижелері жойылып, талапкерлер конкурстан шығарылады. Қабылдау қағидаларына сәйкес мұндай талапкерлерге болашақта НУ-ға қабылдау конкурсына қатысуға тыйым салынады. 

Түсу емтихандарының ең төменгі өту баллдары Университет сайтында көрсетілген. 

Ең төменгі түсу талаптарына сәйкес келетін IELTS/TOEFL сертификаттары бар талапкерлер нәтижелерін Жеке кабинеттеріне 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін жүктеу керек. Ең төменгі түсу талаптарына сәйкес келетін 2020 жылғы DET сертификаттары бар талапкерлер нәтижелерінің электрондық түрін Duolingo кабинеты арқылы  “Nazarbayev University – Foundation Program”-ке 2020 жылдың 27 желтоқсанына дейін жіберуге болады. Осы жағдайда олар бірінші түсу емтиханынан босатылады.

Сайтымыздағы жаңалықтарды қадағалауды және электрондық поштаны жиі тексеруді сұраймыз. Хабарламалар спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Денсаулығыңызды күтіңіз!

Құрметпен,

Қабылдау департаменті