Этникалық жікке бөлінулер экономикалық дағдарыстардың ұзақтығын арттырады – НУ ғалымы
Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (ЖБМ) профессоры Дени де Кромбрёйге Нидерланды, Маастрихт жоғары басқару мектебінің (Maastricht Graduate School of Governance) профессорларымен бірлесіп World Bank Economic Review басылымында экономикалық құлдырау туралы өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялады.
Экономикалық өсу мен құлдырау туралы ғылыми әдебиеттерді зерттей отырып, ғалымдар экономикалық құлдыраудың басталуына немесе ұзақтығына қарағанда, оның өсуінің басталуы мен қарқындауына көп көңіл бөлінетінін анықтады.
Ғалымдар 1950-2014 жылдар аралығында 145 елдің макроэкономикалық деректерін жинады және зерттеу критерийлерін қанағаттандыратын, қазіргі тарихта белгілі болған 57-ден 77-ге дейінгі экономикалық құлдырауды анықтады. Зерттеушілер экономикадағы құлдырау мен бірқатар басқа факторлардың: экономикалық саясаттың, институттардың күшеюі мен демографиялық құрылымдардың арасындағы байланысты көрді. Экономикалық теорияға сәйкес «институттар» дегеніміз ресми нормалар мен бейресми шектеулерден тұратын және адамдардың өзара әрекеттесуін құрылымдайтын ережелер жиынтығы.
Күшті институттар дағдарыстардың ұзақтығын қысқартады, ал этникалық жікке бөлінулер барлығын керісінше жасайды. Алайда, ЖБМ профессорының пікірінше, этникалық жікке бөлінудің жағымсыз салдарын еңсеруге болады: өзара әрекеттесудің арқасында тиісті институттар оларды қалпына келтіре алады.
Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ғалымдар «стильденген» фактілерді тұжырымдады:
– әлсіз саяси институттар дағдарыстың алдында болады, ал саяси реформалар, әдетте, олардан кейін жүргізіледі, бұл ретте күрт теріс өсім саяси қайта құруға кеңістік жасайды (басқаша айтқанда, «жақсы дағдарысты ысырап етпеңіз»);
– экономикалық құлдыраудың ұзақтығы мен тереңдігі атқарушы биліктің шектеулерімен және этникалық біртектілікпен (этнолингвистикалық фракциялаумен өлшенеді) тығыз байланысты; және
– осы екі айнымалының арасында тығыз байланыс бар, бұл көшбасшыларды ұстап тұрған институттардың этникалық және мәдени жағынан әртүрлілігі бар қоғамдарда өсімді тұрақтандыру үшін ерекше маңызды екенін көрсетеді.
Бірқатар елдерден алынған мысалдарды зерттей отырып, ғалымдар «стильденген фактілер» әсіресе Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері үшін өте маңызды екенін атап өтті, мұнда саясат көбінесе этникалық сипатқа ие және шешім қабылдаушылар салыстырмалы түрде еркін шешім қабылдайды.
«Бұл өте қызықты зерттеу болды. Бірнеше жылдан кейін қолымызда қазіргі жойқын пандемияның салдары туралы статистикалық мәліметтер болған кезде, елдердің қалпына келу қарқыны 2020 жылы әлемге біз ұсынған «стильденген» фактілерді растайтынын білу бізге қызықты болады», – дейді Дени де Кромбрёйге, ЖБМ қауымдастырылған профессоры.
Толық басылымды мына жерден оқыңыз.