«UMC» корпоративтік қорының жетекшісі Юрий Владимирович Пя «QURMETTI DÁRIGER» атағына ие болды

«UMC» КҚ жетекшісі Ю.В. Пя медицина саласындағы ерекше еңбегі және COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін “QURMETTI DÁRIGER” жеке номинациясы мен атағына лайықты деп танылды.
Юрий Владимирович көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, жүлденің ақшалай сыйлығын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда, елімізде кардиохирургия саласын жетілдіруге бағытталған «Жүрек орталығы» қорына аудару жөнінде шешім қабылдады.