НУ ғалымы “Қасиетті Қазақстан” энциклопедиясын дайындауға қатысты

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі оқытушысының ассистенті Айдын Жүнісханов “Киелі Қазақстан” энциклопедиясының төртінші томын дайындауға қатысты.

“Киелі Қазақстан” жобасы – бұл бес томдық энциклопедиялық еңбек. Кітапқа Қазақстан халқының жадында ерекше орын алатын тарихи-мәдени орындар мен ескерткіштер, батырлар, әулиелер, жыраулар мен ақындардың кесенелері енген. Жоба “Қоғамдық сананы жаңғырту” бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен іске асырылды.

“Мен еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан киелі жерлер туралы айтылатын басылымның 4-томына тікелей қатыстым. Мысалы, Алтай-Тарбағатай тау жүйесі мен Ертіс алқабында орналасқан ежелгі тарихы бар Шығыс Қазақстанның аймақтарының бірі. Бұл ауданда мәңгілік махаббаттың нышанына айналған Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесі орналасқан, сондай-ақ байырғы көшпенділердің мәдениетін ашатын Берел және Шілікті кешендері орналасқан. Сондай-ақ, бұл томда еліміздің тарихында маңызды орын алатын өңірдің басқа да  қасиетті орындары туралы ақпарат берілген. Жалпы алғанда өңірдің 70 – тен астам тарихи ескерткіштері қамтылды”, – деді Айдын Жүнісханов.

Ғалым атап өткендей, жобаның ғылыми-танымдық тұрғыдағы маңыздылығы Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын, еліміздің әр өңіріндегі киелі орындарды, сондай-ақ олардың мемлекет тарихындағы маңызы мен орнын айқындаудан тұрады.

2017 жылы “Киелі Қазақстан” энциклопедиясының алғашқы бөлімдері жарық көрді. Онда Алматы және Ақмола облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының киелі объектілері ұсынылды.

Жинақ екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.