“NU магистратура және докторантура бағдарламаларында оқу” ақпараттық сессиясы
Күні: 2022 жылдың 27 қаңтары
Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 18:00-19:00
NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлықтарыңызды Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!
Сессия барысында спикерлер дағдыларды дамыту мәселелерін талқылайды, өз бағдарламалары туралы ақпаратпен және пайдалы кеңестермен бөліседі.
18:00-18:05 – Алғы сөз, Нурхан Омарбеков, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (ағылшын тілінде)
18:05-18:45 – Сұхбат
Модератор: Нурхан Омарбеков, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (ағылшын тілінде)
Спикер: Даян Битабарова, NU Медицина мектебі “Public Health” бағдарламасының магистранты (ағылшын тілінде)
Спикер: Станислав Ханин, Жоғары білім беру мектебі “PhD in Education” бағдарламасының докторанты (ағылшын тілінде)
18:45-19.00 – Сұрақ-жауап сессиясы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)
Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 642584, +7(747)0940230 телефондары және info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы Байланыс орталығына хабарласуға болады.