NU Step to PhD: Болат Сұлтанқұлов, PhD in Science, Engineering, and Technology бағдарламасының түлегі

Nu Step to PhD айдарындағы біздің кезекті қонағымыз – Болат Сұлтанқұлов, NU SEDS, PhD in Science, Engineering and Technology, бағдарламасының түлегі.  Болат Ноттингем университетінде “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша генетика саласында оқыған. 2014 жылы әріптестерімен бірге полимеразды тізбекті реакцияның балама әдісін қолдана отырып, диагностика саласындағы стартапты бастады. Сонымен қатар, ол бағаналы жасушалар шығаратын өсу факторлары негізінде теріні қалпына келтіруге арналған сарысуды жасайтын  “Pomme de Vie” компаниясының негізін қалаушылардың бірі. 2017 жылы Болат әріптестерімен бірге ғылымға сіңірген еңбегі үшін “Ғылым көшбасшысы – 2017” атағына ие болды алды.

 

Докторлық зерттеуіңіз туралы айтып беріңізші

Мен регенеративті биология саласында зерттеулер жүргіздім, атап айтқанда әртүрлі полимерлер негізінде сүйек тінін қалпына келтіру үшін биоматериал жасадым.

Біздің зерттеуімізде біз төмен температурада химиялық тігіс арқылы алынған “криогель” алудың белгілі әдісін қолдандық. Криогельдер кеуекті материалдар болып табылады. Бұл кеуектілік беткі айданды ұлғайтады, бұл материалға көбірек биологиялық белсенді молекулалардың, сондай-ақ,мысалы, дің жасушаларыеың бекітілуіне мүмкіндік береді. Біз  дің жасушалардың өміршеңдігін ғана емес, сонымен қатар олардың сүйек жасушаларына айналуын ынталандыратын криогель жасауға тырыстық

Зерттеуімізде біз ақуыздармен, өсу факторларымен, сондай-ақ басқа биологиялық белсенді молекулалармен табиғи түрде байланыса алатын “арзан” криогель алу әдісін жасадық. Сондай-ақ, полиэлектролитті криогель алу мүмкіндігін зерттедік. Жұмысымызда хитозан, гепарин және поливинил спиртін қолдандық. Біз материалдың құрамында гепарин мен хитозан болғанын қаладық. Көптеген ақуыздар гепаринмен байланысып, хитозан жеткілікті түрде зерттелген полимер болып табылады және қолайлы биожетімділікті көрсетеді. Алайда, хитозан мен гепаринді араластырған кезде полиэлектролитті кешен дереу пайда болады. Ол криогель жасау мүмкіндігінен айырады. Мен өзімнің тәжірибелерім барысында хитозан мен гепаринге поливинил спиртін қосқанда, полиэлектролитті кешен бірден пайда болмай, бұл криогель алу үшін тігетін агенттерді қосуға мүмкіндік беретінін аштым. Алынған криогель гепаринді байланыстыратын ақуыздармен байланысады және дің жасушалардың бөлінуін қолдайды.

 

Сіздің жұмысыңыздың қолданбалы мәні неде?

Әзірленген криогель оны сүйек тінін қалпына келтіру үшін биоматериалдар жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді, бірақ ол үшін клиникалық зерттеулер жүргізу қажет. Тағы бір қолданбалы мәні – терінің зақымдануын қалпына келтіру үшін қолдану. Менің жетекшім Арман Сапаров Фукуока университетінің жапон ғалымдарымен серіктес болды. Біз оларға биоматериалдарымызды жіберіп, олар тышқандардың терісін қалпына келтіру үшін қолданды. Біздің материал осы мақсаттарға жарамды және жеткілікті тиімді екендігі көрсетті. Барлық алынған нәтижелер Q1 рейтингі бар ғылыми журналдарда жарияланған.

 

Диссертацияңыздағы жұмыс барысы туралы не айта аласыз?

Зерттеу барысында көп нәрсе тәжірибелік және теориялық тұрғыда жасалынды. Ғылымда тосынсыйлар да болатынына көзім жетті.  Мысалы, поливинил спиртін қосу қажеттілігін кездейсоқ анықтадым. Мен Англиядағы Брайтон университетінің зертханасында керекті материалды ала алмағаныма қайғырып отырдым. Мүмкін зерттеу тақырыбын өзгерту керек пе деп те ойладым, өйткені зерттеуім ілгері баспай тоқтап қалдым. Осы көңіл-күйде мен үстелдегі полимерлерді араластыра бастадым. Кездейсоқ түрде поливинил спиртін қосып, ол криогельді алу үшін жетіспейтін сілтеме екендігін аңғарғанда қатты таң қалдым.

PhD кезінде ең бастысы – өзара көмек, НУ ғалымдарының, сондай-ақ PhD студенттерінің көмегі. Ғылым бірлесіп жасалады. Басқа студенттер менімен жиі реагенттермен бөлісті, маған құрал-жабдықтармен көмектесті. Бұл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әкелетін  ынтымақтастық деп санаймын.

 

Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз?

Қазіргі уақытта мен коммерциялық әзірлемелермен көбірек айналысамын, болашақта да  коммерциялық ғылым мен кәсіпкерлікпен айналысамын деп ойлаймын. Бұл маған өте ұнайды. Сондай-ақ зерттеулер мен көптеген эксперименттік жұмыстар да жүргіземін. 

Бірақ мен коммерциялауға және өндірісті құруға болатын өнім түріндегі проектілермен айналысқан ұнайды.

Бірақ коммерциялауға және өндірісті құруға болатын өнім түріндегі түпкі мақсатты көргенде, Мен мұны істегенді ұнатамын. Оқуды жалғастыруды және жақын арада бизнес саласында білім алуды жоспарлап отырмын.

 

Болашақ докторанттарға қандай тілек айтар едіңіз?

Шыдамдылық, еңбекқорлық және сәттілік!