NU түлегі “Жасыл энергетикаға көшуді жеделдету және климаттық өзгерулер саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін жастар шешімдері” тақырыбындағы IRENA жастар форумында сөз сөйледі
NU түлегі Шыңғыс Садық БАӘ, Абу-Даби қаласында (IRENA) жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA) ассамблеясының 12-ші сессиясы аясында “Жасыл энергетикаға көшуді жеделдету және климаттық өзгерулер саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін жастар шешімдері” тақырыбында ұйымдастырылған IRENA 2022 жастар форумына қатысты.атысты.
IRENA – бұл елдерді тұрақты энергетикалық болашаққа өтуіне қолдау көрсететін және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі платформасы ретінде қызмет ететін үкіметаралық ұйым. 180-нен астам елдің белсенді қатысуымен IRENA тұрақты болашақтың негізі ретінде жаңартылатын ресурстар мен технологияларды ілгерілетеді және елдерге жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз әлеуетін іске асыруға көмектеседі.
Форум 2022 жылғы 13 қаңтарда онлайн түрде өтті. Іс-шара жаңартылатын энергия көздеріне көшуді жеделдету мүмкін шешімдерді әзірлеудегі жастардың қызметі мен үлесін атап өтті және жастардың қолдауын қажет ететін жаһандық энергетикалық көшудің негізгі бағыттарын айқындады.
Шыңғыс басқа баяндамашылармен бірге Жаһандық жастар қоғамдастығы атынан ұйымның негізгі мүдделі тараптарының алдында сөз сөйлеу үшін көптеген үміткерлер арасынан таңдалды. Ол NU-ды 2019 жылы NU SST(қазіргі NU SSH) Химия бакалавры дәрежесімен бітірді. Қазіргі уақытта Шыңғыс қос диплом бағдарламасы бойынша экологиялық таза материалдарды әзірлеу саласында магистратурада оқиды: бірінші жыл Милан-Бикокка университетінде (Италия) және екінші жыл Левен университетінде (Бельгия) оқиды. Ол зерттеулер жүргізеді және оның мансаптық мүдделері тұрақты даму мен жаңартылатын энергия көздерімен байланысты. Шыңғыс Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар мен Жастарға арналған Тұрақты Даму Тобының (БҰҰ SDG 7) мүшесі болып табылады. Бұл ұйым қол жетімді және таза энергия бойынша SDG жеті мақсатына қол жеткізуге бағытталған.
SDG 7 Жастар округінің өкілі ретінде, Шыңғыс өз сөзінде ұйымның қызметіне қысқаша шолу жасап, жұмыстың негізгі бағыттары жастарды саясатты әзірлеу бойынша ресми және бейресми іс-шараларға тарту, тұрақты даму саласында дағдыларды игеру және адамдар мен Ғаламшардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тиімді іс-қимылдар болып табылатынын атап өтті.
“SDG 7, әсіресе оның жастар құрамы, елдер және олардың билік органдары тарапынан көбірек назар аударуды қажет етеді. Жас ұрпақ арасында ТДМ 7 туралы хабардарлықты арттыру мүмкіндігіне ие болу үшін, біз, жастар елдеріміздегі саясатты әзірлеуге атсалыссақ, тиімді болар еді», – деп Шыңғыс өз ойымен бөлісті.
Форумда Жаһандық жастар энергетикалық перспективасының (GEO) қорытындылары айтылды. Сонымен қатар, түрлі елдердің жас жаңашылдары мен кәсіпкерлері әлемге климатты жақсарту мақсатына қол жеткізуге көмектесетін жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз шешімдерін көрсетті.
Форумда Жаһандық жастар энергетикалық перспективасының (GEO) қорытындылары айтылды. Сонымен қатар, түрлі елдердің жас жаңашылдары мен кәсіпкерлері әлемге климатты жақсарту мақсатына қол жеткізуге көмектесетін жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз шешімдерін көрсетті.