«NUET талапкерлері» санаты үшін өтінімдерді онлайн тапсыру және IELTS/TOEFL нәтижелерін қабылдау мерзімі ұзартылады
Құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасында жалғасып жатқан төтенше жағдайға байланысты Назарбаев Университеті “NUET талапкерлері” санатындағы талапкерлер үшін бакалавриат бағдарламасына онлайн өтініш беру мерзімін 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартады. Бакалавриат бағдарламасының осы санатындағы талапкерлер үшін IELTS және TOEFL емтихандарының нәтижелерін тапсыру мерзімі де 2022 жылдың 25 ақпанына дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылды.
Сау саламат болыңыз!