Назарбаев Университеті Медицина мектебінің «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына (2-жылдық бағдарлама) түсү үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды
Назарбаев Университеті Медицина мектебінің «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына (2 жылдық бағдарлама) онлайн өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 17 қаңтарынан бастап 2022 жылғы 29 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Конкурсқа қатысу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашып, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
Толық ақпарат алу үшін:
- «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасы туралы ақпаратты мына сілтемені басып немесе Медицина мектебінің менеджері Бауыржан Сейтбаевқа хабарласуыңызды сұраймыз
– Тел.: +7 7172 70 63 80
– Электрондық пошта: nusom@old.nu.edu.kz
- «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің менеджері Малика Тайшибековаға undergraduate_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.