“NU магистратура және докторантура бағдарламаларына өтінім беру жолдары” ақпараттық сессиясы

NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлықтарыңызды Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!

Сессия барысында сіздер магистратура және докторантура бағдарламалары, өтінімдерді қабылдау мерзімдері, оқуға түсу талаптары туралы сұрақтарға жауап аласыздар, сондай-ақ грантқа оқуға түсу және негіздеме хатты жазу жолдары туралы пайдалы кеңестер аласыздар.

17:30-17:40Алғы сөзАида Султанали, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі (ағылшын тілінде)
17:40-18:30Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар үміткерлеріне арналған презентация
18:30-19:00«Негіздеме хатты жазу жолдары»Шейн Коутс, Инструктор, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ағылшын тілінде)
19:00-19:10Сұрақ-жауап сессиясы
19:10-20.30Сұрақ-жауап сессиясыАида Султанали, Cтуденттерді оқуға тартуды басқару офисі (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)

Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.

Сессия 2022 жылдың 20 қаңтарында Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 17:30-20:30 аралығында өтеді.

Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.

 

Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 642584,  +7(747)0940230 телефондары және info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы Байланыс орталығына хабарласуға болады.