NU SSH ассистент профессорлары Михаил Акулов және Дэниел Скарборомен бірге өтетін LinkedIn тікелей эфиріне қосылыңыз.
Бұл тікелей эфирде профессорлар Акулов пен Скарборо Назарбаев Университеті Гарвард университетінің Дэвис орталығымен бірге ұйымдастырған Ресей, Орталық Азия және Батыс арасындағы қарым-қатынастың тарихи рөліне арналған «Империя, отарлар және білім» халықаралық конференциясы туралы әңгімелейді. Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Германия және Ресейдің жетекші тарихшылары, саясаттанушылары және халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшылары қатысады.
2022 жылғы 12 мамыр, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты), LinkedIn.
Тіркелу сілтемесі.