Назарбаев Университеті атриумын көркем безендіру бойынша шығармашылық конкурстың қорытындылары

Қыр 10, 2013

Назарбаев Университеті атриумын көркем безендіру бойынша 2013 жылғы шілде-тамыз айларында өткен шығармашылық конкурстың қорытындылары жинақталды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Астана, Алматы және Теміртау қалаларынан 6 ұйым ұсынған болатын.  «Назарбаев Университеті» ДБҰ Атқарушы Вице-президентінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №30 бұйрығымен бекітілген Назарбаев Университеті атриумын көркем безендіру жұмыстарына қойылатын критерийлерге сәйкес шығармашылық конкурсқа қатысушылардың жобаларын бағалау балл жүйесі бойынша өткізілді.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша көп балл санын жинаған «Сан Нұр Бейне» ЖШС конкурстың жеңімпазы болып анықталды.