Жаңа оқу жылында Назарбаев Университетінде 2 000-нан астам адам оқиды
Жаңа 2013-2014 оқу жылында Назарбаев Университетінде білім алушылардың саны 2000-нан астам студентті құрайды, ал оқытушы-профессорлар құрамындағы адамдар саны 250-ге жетті. Биыл білім ордасы Университет алдындағы дайындық бағдарламасына 536 тыңдаушыны, бакалавриат бағдарламасына – 48 студентті, магистратура мен докторантураға – 126 студентті қабылдады.
2013-2014 жылы Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына 536 талапкер қабылданды. Биылғы жылғы талапкерлердің дайындық деңгейінің өте жоғары болғандығын атап өту қажет. Жалпы қабылдау емтихандарын ең төменгі оқуға түсу талаптарына сәйкес тапсырған талапкерлердің саны 800 адамды құрады. Салыстыру үшін: өткен жылы осындай талапкерлердің саны – 600, ал оның алдындағы жылы – 500-ден сәл ғана астам болған болатын.
Өткен жылдардағыдай, оқуға түсушілер арасында ең танымал болып табылғандар: Инженерия мектебі мен Ғылым және технологиялар мектебі болып табылды, бұл Мектептерде оқуға қабылданғандардың 43%-ы оқитын болады, талапкерлердің қалған 14%-ы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіндегі мамандықтар бойынша оқитын болады. Сонымен қатар Университет тікелей бакалавриат бағдарламасына 48 адамды қабылдайды, олардың ішінде Dublin Institute of Technology және Сулейман Демирель атындағы университеттерден екі студент ауысуға ниетін білдіріп, Назарбаев Университетіне ойдағыдай оқуға қабылданды.
«2013 жылы Назарбаев Университетінде үлкен маңызды оқиға болды. Біз тұңғыш магистрант-студенттерімізге өз есігімізді айқара аштық, ал Жоғары білім беру мектебі тұңғыш докторант-студенттерді оқуға қабылдады. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш», – деп атап өтті Назарбаев Университетінің Провосты Саймон Джонс. Дәл осы 2013 жылы Назарбаев Университеті магистратура мен докторантура бағдарламаларына тұңғыш рет студенттерді қабылдай бастады. Университеттің Жоғары Мектептеріне барлығы126 адам оқуға түсті.
Атап айтқанда, Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне 22 адам оқуға түсті, магистранттардың көпшілік бөлігінде мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі бар. Жоғары білім беру мектебіне биыл 74 магистрант және 12 докторант қабылданды. PhD бағдарламасына түскендердің арасында бір халықаралық студент – Мексика азаматы бар.
Жоғары бизнес мектебінде қазіргі таңда Executive MBA (басшыларға арналған бизнес-басқару) бағдарламасында 18 адам оқиды. Студенттердің басты бөлігі – ірі қазақстандық және халықаралық корпорациялардың топ-менеджерлері.
Биылғы жылы оқуға түскендердің географиясы – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген студенттер. Бұл Назарбаев Университетінде төртінші академиялық жыл екенін атап өту қажет. Қазіргі таңда Университет 2015 жылы Медицина мектебін ашуға дайындалып жатыр және Тау-кен ісі мектебін ашу жұмыстарын жалғастыруда.

????????????????????????????????????
Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz