Спортта көшбасшы болу
2013 жылғы 3 қазанда Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин және 2010 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Анна Алябьева чемпиондардың көшбасшылыққа көзқарасына арналған Назарбаев Университетінің іс-шараларына алғаш рет қатысты. Көптеген студенттер чемпиондардың спорттағы мансаптарына және қауымдағы көшбасшылар ретінде олардың өмірдегі ұстанымдарымен байланысты сұрақтар қойып, іс-шараға белсене қатысты.
Назарбаев Университеті баскетбол клубы мүшелерінің жеңіске жетелеген күш-жігері студенттердің практикалық тұрғыдан алғанда нақты көшбасшылықты сезінген үлкен оқиға болды. Көптеген студенттер қалай чемпион болу керектігін және алаңдаушылық пен кедергі келтіруі мүмкін жауапкершіліктің батпандай жүгін қалай еңсеру керектігін білгісі келгендері анық. Илья Ильиннің іс-шарада айтылған: «Көшбасшы болу деген күн сайын ең таңдаулы болуды білдіреді, тек осындай ұстаныммен ғана сендер нағыз көшбасшы бола аласыңдар,- деген сөздері есте қалды.
Ұйымдастырушылар осы фестивальдің әлеуметтік әсерінің орасан зор болғанын айтады. «Қазіргі уақытта біздің қалай көшбасшы болу керектігі туралы алатын ақпаратымыз көп, ал Илья Ильин мен Анна Алябьева ұлттық чемпион ретінде өмірдегі тәжірибелерін ортаға салып бөлісті.»
«Мен адамның өз қабілетін өзі шектейтінін әрдайым есте ұстайтын боламын, ал оның өзін өзі жетілдіру мүмкіндігі шексіз», – деп тұжырымдайды Назарбаев Университеті баскетбол командасының капитаны Әділхан Сартаев.