Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектепбі магистратура бағдарламаларына 2021-2022 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды!
Назарбаев Университетінің келесі Мектептерінің магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 16 қарашадан бастап 2021 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады:
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
Келесі қадамдар:
Қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Телефоны: + 7 (7172) 64 25 84
Электрондық поштасы: info_admissions@old.nu.edu.kz
Қосымша ақпарат:
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Назарбаев Университетінің алғашқы Виртуалды ашық күні өтті. open.nu.edu.kz сайтында НУ профессорларының, қызметкерлерінің, студенттері мен түлектерінің пайдалы бейнежазбаларын таба аласыз. Бейнежазбалар 2021 жылдың наурызына дейін қолжетімді болады.
Назарбаев Университеті ағылшын тілі және халықаралық стандартталған тестілер (IELTS, TOEFL, GRE, GMAT) бойынша дайындық курстарын ұсынады. Толық ақпарат осында.