НУ Кітапханалық Технологиялар мектебіндегі онлайн-семинар
7-8 желтоқсан, 2021
2021 жылдың 7-8 желтоқсанында «Ақпаратты ұйымдастырудың заманауи халықаралық принциптері мен стандарттарын енгізу тәжірибесі. Деректерді басқару” атты онлайн-семинар Назарбаев Университеті кітапханасының Кітапханалық Технологиялар мектебінде өткізіледі.
Жоғары оқу орындарының кітапханашылары кәсіби компетенцияларын арттыруға және кітапханалардағы ақпараттық ресурстарды басқару саласындағы жаңалықтармен танысуға шақырады.
Онлайн-семинарға қатысушылар мына тақырыптармен танысады:
сандық жинақтарды каталогтау мен басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу тәжірибесі, сондай-ақ метадеректер саласындағы жобалар;
Латвия, Литва, Ресей, Украина және Қазақстан кітапханаларының мысалында COVID-19 контекстінде ақпаратты ұйымдастыру.
Тыңдаушылар онлайн-семинарға қатысу сертификаттарымен марапатталады.
КТМ-21 туралы толық ақпарат, семинар бағдарламасы, сонымен қатар тіркелу формасы мына сілтеме арқылы қолжетімді.