НУ қоғамдастығының COVID-19-ға қатысты ынтымақтастық бастамалары туралы жаңартулар

22 мамыр күні соңғы есеп берген кезден бастап “бастама” аясында Қызылорда қаласының көпсалалы облыстық ауруханасына бетке арналған 36 000 маска, 5 пневматикалық спрей және NURIS шығарған бетке арналған 50 пластикалық қалқан жеткізілді.

Өткен апта ішінде «бастамалар» күшімен Шымкент қаласының № 1  ауруханасына 20 000 маска және 50 қалқан, Түркістан облыстық жедел жәрдем орталығына жалпы сомасы 4,68 млн. теңге, 20 000 маска және 50 қалқан жеткізілді.

Бұдан басқа, «бастама» сондай-ақ ЖБМ түлектерінің жобасын да қолдайды, оның аясында Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларында алғы шептегі медициналық қызметкерлерге тегін түскі ас беріледі. Түскі асты жергілікті мейрамханалар әзірлейтіндіктен, «бастама» жергілікті кәсіпорындарға да көмектеседі. Бұл жоба бірнеше апта бойы жүзеге асырылуда және қазіргі уақытта жұмысты жалғастыру үшін қосымша қаражат қажет. Осыған орай, жергілікті медициналық қызметкерлерді қолдауға тағы екі аптаға 1,68 млн. теңге бөлу керек деген шешім қабылданды.

27 мамырдағы жағдай бойынша «НУ қоғамдастығының COVID-19-ға қатысты ынтымақтастық бастамасы» аясында медициналық қызметкерлерді және олардың отбасыларын қолдау үшін шамамен 23,9 млн. теңге жиналды.

НУ қоғамдастығының COVID-19-ға қатысты ынтымақтастық бастамасына үлес қосқандардың барлығына тағы да рақмет – біз алған пікірлерден сіздің нақты көмегіңіз бен қоғамдастыққа оң ықпал жасағаныңызды көруге болады.

Сізге және сіздің отбасыңызға көрсеткен көмектеріңіз үшін тағы да рахмет айта отырып, ізгі ниетімізді білдіреміз.